Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Иранға қарсы соғысқа бес жылдан кейін қайта оралатындарын айтты

12:52, 06 наурыз 2026

Дональд Трамп Axios басылымына берген сұхбатында АҚШ Иранның жаңа көшбасшысын таңдауға байланысты шешімге қатысуы тиіс екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.

Оның пікірінше, қаза тапқан аятолла Әли Хаменедің ұлы Моджтаба Хаменеи бұл қызметке лайық емес. Трамп оны саяси тұрғыдан «салмақты тұлға емес» деп бағалаған.

Сондай-ақ ол жағдайды Венесуэламен салыстырып, АҚШ-тың қатысуымен президент қызметіне Делси Родригес келгенін мысалға келтірді.

Трамптың айтуынша, Иранға «үйлесім мен бейбітшілік әкелетін» жаңа көшбасшы қажет. Әйтпесе, Вашингтон бес жылдан кейін қайтадан соғысқа оралуы мүмкін екенін ескертті.

Қазір Моджтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы қызметіне негізгі үміткер ретінде қарастырылып отыр. Алайда Тегеран тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар