Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Төрт адам қаза тауып, алтауы жараланған". Куба министрлігі Америка жалауы ілінген кеме жолаушыларының ел аумағына кірмек болғанын мәлімдеді

13:52, 26 ақпан 2026

Куба Ішкі істер министрлігі солтүстік жағалау маңындағы аралдардың бірінде шекарашылар мен АҚШ туы ілінген катер жолаушылары атысқанын мәлімдеді, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, катердегі адамдар жағалау күзеті кемесі жақындаған сәтте оқ атқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы алтауы жараланған. Министрлік мәліметінше, олардың барлығы — Куба азаматтары.

Ресми мәлімдемеде катердегі он адамның да қарулы болғаны және «террористік мақсатта ел аумағына заңсыз кіруге әрекет жасағаны» айтылған. Сондай-ақ кейбірінің бұрын сотты болғаны көрсетілген.

Ал Марко Рубио бұл оқиғаны «өте ерекше жағдай» деп атап, Американың болған жағдайды жан-жақты тексеруге ниетті екенін жеткізді.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар