Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төреғали Төреәлінің жары ерекше қызын көрсетті (ВИДЕО)

13:34, 27 қараша 2025 177

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бұған дейін көп көрсете бермейтін отбасындағы бір адамды көрсетіп, алғаш рет контент түсіріп жатқанын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Толқын желідегі парақшасында Төреғали екеуінің тұңғыш қыздары Кәусарды көрсетіп, 10 жастағы қызының мүмкіндігі шектеулі екенін жұрттан жасырмайтынын айтады. 

Әншінің жары қызының сөйлей алмаса да, ым-ишарамен басқалармен әңгімелесе алатынын, ойындағыны айта алатынын, қыдырғанды, сырттан тамақтанғанды жақсы көретінін, тіпті өзі бояна алатынын да жеткізді. Естеріңізде болса, Төреғали мен Толқын көпбалалы ата ана. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар