Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тоқтатыңыздар!»: Саят Медеуов қазақтарды арабтармен салыстыратындарды орнына қойды (ВИДЕО)

09:32, 27 ақпан 2026

Белгілі әнші Саят Медеуов Qazaq AIRAN арнасына берген сұхбатында ел арасында айтылатын «Арабтардың сабырлылығы» туралы әңгімеге қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.

Ауызашарда отырдық. Бір-екі молда қатты мақтады. «Ойбай, біз араб еліне барып келдік. Ол жақтан сабырлылықты көрдік. Бірінің көлігін бірі қағып кетсе, «сабыр, сабыр» деп кете береді. Не деген сабырлы адамдар! Шіркін-ай!» деп мақтап қоймады. Сосын «Енді сіздер сөйлеп болсаңыздар, мен сұрайыншы. Тоқтаңыздар!» дедім. «Айтыңыз» деді. «Егер де, менің көйлегіме, болмаса костюміме біреу келіп сорпа төгіп алып, былғап қойса, мен сабырлылық танытамын. Кешіремін! Неге? Өйткені, мен сол киімді сатып ала аламын. Оған менің шамам жетеді. Ал, көлігімді біреу жаратпай тастаса, мен сабыр қалай кешіремін? Өйткені, оны бала-шағаның аузынан жырып алған, қомақты ақшаға келген. Сондықтан, сабырлылық таныта алмайтын кезім болады. Ал, сіздер айтып отырған арабтардың жағдайлары жақсы. Олар көлікті «нәскише» ауыстырып жатыр. Сондықтан, олар кешіреді. Сабыр сақтай алады. Орнына басқасын ала салады. Сабырлылықтың да түр-түрі болады. Біздің еліміздің де жағдайын солай жасаса, біздің қазақтан сабырлы ел болмайтын еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар