Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқалы мен оның анасын аяусыз ұрған ер адам туралы шындықтың беті ашылды

15:54, 21 мамыр 2024 570

Ажырасқанмын деп алдап жас қызды тоқалдыққа алған ер адам енесімен қоса тоқалын да аяусыз ұрғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында баяндады. Келіншектің айтуынша, Айбек атты күйеу баласының өз отбасы бар екен. Десе де қызын тоқал ретінде алып, балалы болған көрінеді.

"Міне қолым менің. Жанұзақ Айбек 25-і күні келіп, қолымды тістеп мынадай жасады. Мыналар кеткені ғой. Міне екінші қолым. Істеп кеткені", - деді Бекзада Қонқашева. 

“Бәйбіше” күйеуін тиран деп атауға қарсылық танытты.

“Ол тиран болса мен осылай 6 баламен отырамын ба?”,- деді ол.

Зәбір көрген қыздың анасы ер адамды айыптап, қызын бәйбішесімен бірге бір үйде тұрғызғанын айтты.

"Көзі көгерген, жағы көгерген, аяқ-қолының бәрі көгерген. Денесін пышақпен тіледі. Күйеуі ұрған. Кафеде танысқан. Айбектің әйелі бар", - деген ол күйеубаласының ресми некедегі әйелімен бірге қызының да тоқал болып, бір үйде тұрғанын баяндады. 

Өзінің тоқал болғанын баяндаған келіншек болса, күйеуімен кафеде танысқанын, оның алдымен өзін бойдақ ретінде таныстырғанын айтады.

"Көлікте отырғанда "бардачегын" ашып, "ажырасқан" деген қағазын көрсетті. Басында жақсы көрдім. Кете алмадым", - дейді ол.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар