Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевтың шақыртуымен Моңғолия президенті Қазақстанға келе жатыр

16:19, 17 сәуір 2026

 

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Alash.KZ. 20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр.   

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.

БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар