Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевқа қоқан-лоққы жасап Путиннен көмек сұраған Қонаев тұрғыны 3 жылға сотталды

20:28, 06 маусым 2024 785

Қонаев тұрғыны Путинге жүгінгені үшін үш жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Видеода ер адам Ресей президентінен көмек сұрап, Қазақстан шенеуніктеріне қоқан-лоққы көрсетті.

Биылғы наурыз айында Қонаев тұрғыны Андрей Астахов Владимир Путинге үндеу жариялаған видео түсірген. Роликте ер адам көрші елдің президентінен көмек сұраған, себебі ол Қазақстандағы жағдайға көңілі толмайтынын айтқан. Астаховтың айтуынша, олай болмаған жағдайда елде азаматтық соғыс болатынын мәлімдеген. Сонымен қатар, ол видеода Қазақстан шенеуніктеріне, оның ішінде президентке де қоқан-лоққы жасаған.

«Владимир Владимирович, көмектесіңіз. Бізді құтқарыңыз. Мен сіздің бізді еститініңізге сенемін», - деп аяқтады Астахов өзінің видеосын.

5 наурызда ер адам тұтқындалды.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар