Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады, деп жазады Alash.KZ Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
10:34, 12 ақпан 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Бүгін - Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл: Елордада Ұлт көсемі ұлықталды (ВИДЕО)
16:08, 05 наурыз 2026
Жезқазған байыту фабрикасы Қазақстанның жаңартылған Конституция жобасына қолдау білдірді
11:21, 05 наурыз 2026