Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Екі тараптың бірқатар ұсыныстары БАҚ өкілдеріне жария болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ақорда хабарлауынша, Тоқаев Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды.
Сондай-ақ,осыған дейін біз Тоқаевтың ағылшын және қытай тілдерінде сөйлегенін көрген болатынбыз. Тоқаев жиында Конго президентімен француз тілінде сөйлесті.