Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Баку қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммиті аясында Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті, деп жазды Alash.kz.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешудің маңызын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда байланыстарын дамыту, инвестиция тарту және экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.