Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев дәрігерлерге күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді

13:00, 18 маусым 2026

Бүгін Ақордада президент дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі6 деп жазады Alash.KZ.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді.
 
Олардың мәртебесін көтеру және беделін күшейту еліміз үшін басымдыққа ие міндет болып қала береді.
 

«Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс. Сол себепті мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді», - деді мемлекет басшысы.

Соңғы үш жылда ана өлімі 35%-ға, ал сәби өлімі 24%-ға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар