Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Алматы әуежайындағы оқиғада ерлік танытқан адамды наградаға ұсынуды тапсырды

14:36, 07 наурыз 2025 1430

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында тұтқынды ұстау оқиғасы туралы хабардар болды, деп жазады Alash.KZ президенттің баспасөз хатшысы.

Президент қылмыскерді залалсыздандырған ер адамның батылдығы мен ептілігін атап өтіп, оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Әуежай қызметкерін құтқарған ер адамның аты-жөні Мұса Әбдірайым. 52 жаста. Ол бұрын тай боксы және өзге де соғыс өнерімен айналысқанын айтқан.

Танысымды шығарып салуға келгенмін. Оның қыз балаға шабуылдап жатқанын көрдім. Өзім үшін емес, соның өмірі үшін қорықтым” деді ол.

Мұса Әбдірайым әуежай қызметкерін босатып, есесіне өзін кепілдікке алуды ұсынған. Бұдан кейін оның қолынан пышағын тартып алған. Президент оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар