Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тойынғандықтан емес, қорқыныш пен алаңдаушылықтан" - Айгүл Иманбаева қазақ бойындағы біртүрлі мінез туралы айтты

20:27, 20 тамыз 2026
 

Шетелде оқып келген әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Кәрі құрлықта не байқағанынан жариялады, деп жазады Alash.KZ

Актриса қазақтардың тамаққа деген көзқарасы туралы сөз қозғап, өз сұрағына былай жауап тапқан: 

"Лондонда жүргенде британдықтардың тамақты оңай қоқысқа лақтыра салғанын көріп, ойға қалғаным бар. Олардың мәдениетінде бұл норма шығар... Өйткені Ұлыбритания тарихында құлдық пен жаппай ашаршылықты көрмеген мемлекеттің бірі. Оларда «ертең тамақ болмай қалса ше?» деген қорқыныш атымен жоқ.

Ал біздің жағдайымыз мүлде басқа. Ата-бабамыз бастан кешкен ашаршылық біздің генетикалық жадымызда өшпес із қалдырды. Бүгінгі біздің қонақ шақырсақ дастарханды мол дайындайтынымыз тойынғандықтан емес, сонау заманнан қалған қорқыныш пен «ертеңгі күнге» деген алаңдаушылықтан деп ойлаймын.

Бабаларымыздың әрбір ұрттам суы мен бір үзім наны қан мен термен, көз жасымен келген. Содан да болар, біз үшін нанның әр түйірі қасиетті", деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар