Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды Alash.kz.
Саммитке ТМД-ға мүше елдердің жетекшілері мен халықаралық ұйым өкілдері толық құрамда жиналды. Атап айтқанда, алқалы жиынға Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан), Ильхам Әлиев (Әзербайжан), Никол Пашинян (Армения), Александр Лукашенко (Беларусь), Садыр Жапаров (Қырғызстан), Владимир Путин (Ресей), Эмомали Рахмон (Тәжікстан), Шавкат Мирзиёев (Өзбекстан) және Масуд Пезешкиан (Иран) қатысты. Сонымен бірге жиын жұмысына ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев та тартылды.
Саммит қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға және ТМД қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды құжаттар бекітілді.
Сонымен қатар Достастыққа мүше елдер басшылары алдағы жылдарға арналған арнайы басымдықтарды айқындады. Төрағалардың бірлескен шешімімен 2028 жыл — «Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы», ал 2029 жыл — «ТМД аясындағы көлік байланысы жылы» деп жарияланды.