Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың бірі ТМД ойындарының күміс жүлдегері Сержан Аяпберген екені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған ол жастайынан самбо және дзюдо спорт түрлерімен айналысқан. Жас спортшы самбодан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында және студенттер арасындағы ТМД ойындарында күміс жүлде еншілеген. Сонымен қатар дзюдодан халықаралық әрі республикалық бәсекелерде топ жарып, спорт шеберіне үміткер атанған еді. «Жас Батыр» спорт мектебінің ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның жарқын бейнесі мен спорттағы жетістіктері ұстаздары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
