Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ТМД елдерінің ешқайсында болмаған: Қазақстандық қыз Антарктида суын ең алғаш жүзіп өтті

18:33, 03 желтоқсан 2024 260

Анель Сыдықова – Қазақстанның триатлон бойынша бірінші Ironman және Ultraman титулына ие болған қазақстандық әйел, деп хабарлайды Alash.kz.  Мой город басылымына сілтеме жасап.

Ол 2019 жылы Ла-Маншты Англиядан Францияға дейін (38 км) гидрокостюмсіз, тоқтаусыз 15 сағат 15 минутта жүзіп өткен Қазақстандағы алғашқы және жалғыз әйел.

2022 жылы Анель Манхэттеннің айналасында 20 көпірдің астымен 48 км қашықтықты жүзіп өтіп, сол жылы Лос-Анджелесте Санта-Каталина аралдарынан құрлыққа дейін 34 км-ді 18 сағат 19 минутта еңсерді.

Бұл әлемдегі ең беделді марафондық жүзу қашықтығының бірі саналатын Каталина бұғазынан өту.

Каталина бұғазын жүзіп өту марафондық жүзулердің ең беделділерінің бірі болып саналады және Манхэттендегі 20 көпір мен Ла-Манш бұғазымен бірге Үштік Тәжге (Triple Crown of Open Water) кіреді.

Каталинаны еңсерген Анель Үштік Тәж клубына кірді. ТМД елдерінде мұндай жетістікке жеткен ешкім жоқ.

“Біз 10 қарашада Дрейк бұғазы арқылы екі күндік сапардан кейін Антарктидаға жеттік. 

Біздің топты IISA (International Ice Swimming Association) ұйымдастырушысы және негізін қалаушы Рам Баркай басқарды.

Топта Оңтүстік Африка, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Австралия және Қазақстаннан 13 жүзгіш және бір дәрігер болды. Біздің қатарымызда әлемдегі Ice Seven титулының иегерлерінің бірі Кейт Стилс пен Oceans Seven титулының иегері Линтон Мортенсен сияқты мықты жүзгіштер болды, – дейді Анель Сыдықова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар