Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тірі қалдың ғой. Өлтірген жоқ»: Семейдегі қорқыту оқиғасы бойынша сот шешімі шықты (ВИДЕО)

10:21, 28 қаңтар 2026

Семей қаласында жұмыстан қайтып келе жатқан бойжеткенді түн ортасында аңдып, подъезд алдында қоқан-лоқы көрсеткен Анель есімді азаматшаға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

27 қаңтарда өткен отырыста сот бұл әрекетті тек қоғамдық орында балағат сөздер айту ретінде бағалап, айыппұл салумен шектелді. Құқық қорғау органдары мен сот жәбірленуші Аружанның өміріне төнген қауіп пен психологиялық қысымды ескермеген.

Сот залында айыпталушы тарап өз кінәсін мойындамай, жанжалды жәбірленушінің өзі бастады деп сендірген. Тіпті, соттан кейін айыпталушының анасы мен жәбірленуші арасында сөзге келушілік орын алды. Жәбірленуші тараптың айтуынша, полиция қызметкерлері нақты қару кезенбеген жағдайды қоқан-лоқы ретінде қарастырудан бас тартқан.

«Шығып бара жатқанда менің көңілім толмай тұрғанын көріп, оның анасы: «Тірі қалдың ғой, өлтірген жоқ қой», - деді. Мен: «Ең бастысы өлтірмегені ме? Басқа ештеңе мазаламай ма?», - дедім».

Қазіргі таңда бойжеткен құқық қорғау жүйесінің шешіміне наразылығын білдіріп отыр. Ол өзін қорқытқан адамның жеңіл жазамен құтылып кеткеніне және қауіпсіздігіне кепілдік берілмегеніне алаңдаулы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар