Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"TikTok-та қалай болса солай сөйлеп, балағат сөз айтқан". Талдықорғандық әйелге айыппұл арқалап, жазаланды

21:11, 17 қазан 2026

Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 35 жастағы әйелге сот шешімімен 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазды  Alash.kz.

Полицияның мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық тәртіпті бұзған жергілікті тұрғын анықталған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, әйел тікелей эфир кезінде алкогольдік ішімдік ішіп, көрермендерге қарата бейәдеп сөздер айтқан.

Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Жетісу облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілердегі әрекеттер де заң талаптарына сай болуы керектігін еске салды.

Ведомство өкілдері көпшілікке қолжетімді тікелей эфирлерде қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Полицияның мәлімдеуінше, әр азамат интернет кеңістігіндегі әрекеті үшін де жауапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар