Мәскеудегі бір елді мекенде белгісіз біреулер ит ұрлап, оған қатыгездік көрсеткен, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Джек есімді ит 19 сәуірде жоғалып кеткен. Сол күні оның иесі мен жанашыр адамдар Джекті іздеген.
Иттің ұрланғаны не өздігінен қашып кеткені белгісіз болған.
Кешке қарай бір бойжеткен иесіне хабарласып, иттің пәтеріне кіріп кеткенін айтқан.
Алайда иесі барған кезде Джектің жағдайы өте ауыр болған: ветеринарлар иттің тік ішегі мен жұмсақ тіндерінің жыртылуын, денесінде бірнеше кесілген жаралар бар екенін анықтаған.
Дәрігерлер итке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін деген күдік білдіруде.
Қазір Томилино ауылының тұрғындары бұл қатыгездікке барған адамды тез арада тауып, басқа жануарлардың зардап шекпеуі үшін шара қолдануды талап етуде.
Ал Джекке ота жасалды, ол қазіргі уақытта үйінде ем қабылдап жатыр.