Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тиісті мемлекеттік органдарға алдын ала хабар берілмеген". Жарысқа бара жатқан оқушылар жол апатына түсіп, қаза тапты

17:19, 25 сәуір 2026

Арыс – Шардара тас жолында Chevrolet Cobalt пен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, салдарынан үш жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Alash.KZ  хабарлады.

Қайғылы жағдай 22 сәуір күні Түркістан облысында болған. Полицияның мәліметінше, жеңіл көлікте болған кәмелетке толмаған үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктегі жасөспірімдер спортшылар болған. Олар жаттықтырушысымен бірге Түркістан қаласына жарысқа бара жатқан. Алайда балаларды тасымалдау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға алдын ала хабар берілмегені анықталған.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс аясында екі бағыт қарастырылып жатыр: жол қозғалысы ережелерін бұзу және балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар