Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Терроризм үшін сотталғандарды босатуға мәжбүр болады” - Израиль-ХАМАС арасындағы бейбіт келісім кімге тиімді?

20:13, 10 қазан 2025 130

Израиль ХАМАС-тың бұрынғы командирін тұтқындарға айырбастап босатуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz.

Израиль мен ХАМАС арасында көптен күткен бітім келісімі күшіне енбек. Келісім аясында жақын күндері тірі қалған 20 израильдік тұтқын босатылады. Алайда бұл қадамның құны жоғары болайын деп тұр. Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды, оның ішінде терроризм үшін сотталғандарды да босатуға мәжбүр болады.

Босатылатындар тізімінде Ибрагим Хамад бар. Ол Батыс жағалаудағы ХАМАС ұйымының бұрынғы командирі саналады. Израильдік дереккөздерге сүйенсек, Хамад 2000–2005 жылдардағы “әл-Акса интифадасы” кезінде болған жанкештілік шабуылдардың 90%-ына тікелей қатысы бар деп айыпталған.

2012 жылы Израильдің әскери соты оны 45 израильдікті өлтіріп, жүздеген бейбіт тұрғынды жаралағаны үшін 54 мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Израильдің ішкі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы, қазіргі ауыл шаруашылығы министрі Ави Дихтер мәлімдеме жасап, Израильдің “ХАМАС талабын ішінара орындауға дайын екенін”, бірақ 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылдарға қатысқан палестиналықтарды босатпайтынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар