Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тергеу аяқталды, сот басталады”: Атыраудағы трагедия жайлы тың дерек шықты

14:42, 12 мамыр 2026

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасы қырғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп жазады Alash.kz.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, басты күдікті — Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін мойындап, қазір Атырау тергеу изоляторында сотты күтуде.

Дереккөздердің айтуынша, ол қылмыстық істің материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіргенін мойындаған.

Сәрсемалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, тергеу барысында қосымша қылмыстық істер тіркелді: 188-бап — «Ұрлық» және 190-бап — «Алаяқтық»

Бұл айыптар марқұмдардың малын сатып жіберу және олардың банк карталарынан ақша жымқыру деректеріне қатысты.

- Барлық тергеу әрекеттері аяқталды, іс толық дайын және жақын күндері сотқа жіберіледі. Сот процесі осы айда басталмақ, - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы Сұлтан Сәрсемалиев психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша толық ақыл-есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған. Бұл оның заң бойынша толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар