Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

''Тергеп, қылмыстық іске куәгер ретінде тексерген''. Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер өз-өзіне қол жұмсады

20:18, 10 қазан 2026

Ақмола облысында Есіл аудандық ауруханасының 38 жастағы дәрігері қайтыс болды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.kz nayza_kokshe инстаграмм парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, марқұм жақында ғана еңбек демалысынан оралған. Оның қылмыстық істердің бірінде куәгер ретінде өтіп, оқиға алдында Экономикалық тергеу департаментіне шақырылғаны туралы ақпарат айтылып жатыр. Бұл мәліметтер бойынша әзірге ресми растау берілген жоқ.

Полиция департаментінің өкілдері алдын ала болжам бойынша тұрғынның өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттың жария етілмейтінін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар