Қаланы 27 наурыздан бері көк түтін торлады. Жел соқпағандықтан Өскеменді түтін басып тұр, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
— 28 наурыз сағат 20.00-ден бастап 29 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, — делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде тұрғындарға үйден көпке шықпай, терезелерді ашпай отыруға кеңес берілді. Тамақты тұз қосылған сумен жиі шайған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін желсіз күндер ақпан айында жарты айға жуық уақытқа созылған болатын. Сол кезде мониторинг жүргізілгенде ауаға тараған бірқатар ластаушы зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені тіркелген.