Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тепловозбен жеңіл көлік соқтығысқан»: Ақтаудағы оқыс оқиға туралы тың дерек шықты

18:03, 02 қаңтар 2026

Ақтау қаласындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік пен тепловоздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, Chevrolet маркалы автокөлігін тізгіндеген әйел жақындап қалған тепловозды байқамай қалып, соқтығысуға жол берген. Оқиға салдарынан автокөлік жүргізушісі зардап шегіп, дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматшаның білегі сынғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы орташа ауырлық деңгейінде деп бағалануда.

Болған жағдайға байланысты құқық қорғау органдары тарапынан автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар