Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Теңіз кен орнында төтенше жағдай болды

16:26, 13 наурыз 2026
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өрт шықты. Оқиғаны "Теңізшевройл" компаниясы растады, деп жазады Alash.KZ.
 
Dalanews.kz сайты жазғандай, жоба операторының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері қазір болған жағдайдың себебін анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, өндірістік жағдайға қатысты ақпарат жарияланған жоқ.

Reuters агенттігінің дерегінше, өрт 11 наурызда кен орнындағы нысандардың бірінде болған. Алайда бұл жағдай мұнай өндіру көлеміне әсер етпеген, өндіріс бұрынғы режимде жалғасқан.

Айта кетейік, Теңіз - Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Мұнда Теңіз және Королев кен орындары орналасқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар