Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Tencent Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардыңбірі Михаил Ломтадземен бірге Kaspi.kz-ке инвестиция салды

10:57, 20 сәуір 2026

Kaspi.kz бүгін Tencent, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, басқарушы команданың негізгі мүшелері және ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Funds қорынан Kaspi.kz-тің 6 миллионға жуық американдық депозитарлық акциясын сатып алуды аяқтағанын хабарлады, деп жазады Alash.kz. 

Михаил Ломтадзе былай түсіндіріп өтті:

«Tencent — Қытайдың ірі технологиялық компаниясы, үздікқосымшаның бизнес-моделінің пионері және әлемдегі еңтанымал мобильді қосымшалардың бірі – 1,3 миллиардтанастам адам қолданатын WeChat-тың негізін қалаушы. Tencent-тің Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарынақосылуы – біз үшін үлкен мәртебе!

Менің жеке инвестициям, басқарушы командамыздың негізгі мүшелерінің инвестицияларымен бірге компаниямыздың бизнес-моделіне және ұзақ мерзімді стратегиясына деген нық сенімді білдіреді.

Біз сондай-ақ қаржытех саласындағы Spice Expeditions халықаралық инвестициялық компаниясының, АҚШ-тыңWashington University және WISIMCO / University ofWisconsin Foundation сияқты университеттік инвестициялық қорларының ұзақ мерзімді акционерлеріміздің қатарына қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз».

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірінжақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады.  

Қазақстанда біздің суперқосымша төлемдер, электрондыкоммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекшіэлектронды коммерция платформа - Hepsiburada-ның 86%-ын иеленеді.

Kaspi.kz 2024 жылдың қаңтарынан Nasdaq-та саудаланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар