Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Селтикке" қарсы ойында қаһарман атанған қақпашы Темірлан Анарбеков "Реалмен" болатын матчқа дейін сауығып үлгермейтінін айтты, деп жазады Alash.KZ.
Еске сала кетейік, Темірлан Анарбеков Премьер-лига аясындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында ауыр жарақат алған болатын.
— Темірланды ауруханадан шығарып, базаға келіп кетті. Қазір жақ сүйегіне бекіткіш қойылған, аузын кең аша алмайды. Сол бекіткіш алынғаннан кейін жаттығуға кірісуге мүмкіндік болады. Дәрігердің айтуынша, оңалуы қалыпты жүріп жатыр... Жақын арада барлық қақпашыларға сенім арта алатын боламыз, — деді бас бапкер.