Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Темірлан Анарбеков пенальтиді қайтарып алды»: «Қайрат» клубы Конференциялар лигасындағы маусымын қалай бастады? (ВИДЕО)

15:09, 16 қазан 2026

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда латвиялық «Рига» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Екі ұжым арасындағы тартысты кездесу 1:1 есебімен тең аяқталып, алматылық клуб бұл нәтиже үшін УЕФА тарапынан 133 мың еуро (шамамен 67,6 миллион теңге) көлемінде сыйақы алатын болды. Ойынның 5-минутта Марк Гуаль пенальтиді дәл орындап, «Қайратты» алға шығарған еді. Алайда 12-минутта «Рига» ойыншысы Салах Улад таразы басын теңестірді. Ойынның 29-минутта қарсыластың бекіткен пенальтиін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков сәтті қайтарып, командасына маңызды бір ұпайды сақтап қалды.

Егер Рафаэль Уразбахтин баптайтын ұжым алдағы кездесулерде жеңіске жетсе, әрбір ұтыс үшін клуб есепшотына 400 мың еуро (шамамен 203,3 миллион теңге) түседі. «Қайрат» өзінің келесі ойынын 22 қазанда Алматыда Грекияның «Панатинаикос» клубына қарсы өткізеді.

Сонымен қатар еурокубоктың жалпы кезеңі аясында алматылық ұжым Италияның «Аталанта», Румынияның «Университатя» (Крайова), Нидерландтың «Твенте» және Швецияның «Мьельбю» командаларымен күш сынасатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар