Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Телефонынында қосып-өшіру дерегі тіркелген” - Атыраудағы трагедияға қатысты ел естімеген ақпарат шықты (ВИДЕО)

12:30, 13 қаңтар 2026

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасы мүшелерін іздеу барысында телефон сигналдары қосылып-өшірілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қазіргі таңда күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу нұсқасы бойынша Сәрсемалиев бұл істегі негізгі күдікті ретінде қарастырылып отыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет жоғалған жігіттің телефоны қосылғаны туралы мәлімдеді:

Телефондары қосулы емес. Тек қана Наурыздың телефон құрылғысында өшіп-қосу деректері тіркелген. Телефон қосылу факттері жаңа жылға дейін, 27-28 желтоқсандарда болды. Басында бірнеше версия болды. Тек қана бір ғана күдікті емес, өзгелердің де қатыстылығы бар-жоғы полиция тарапынан толыққанды тергеп-тексерілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар