Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Телефонды тартып алып, шегемен қағып тастаған” - Мектеп директорының жазалау әрекеті сынға қалды (ВИДЕО)

21:09, 16 желтоқсан 2025

Самарқанд облысындағы мектептің директоры сабақ кезінде оқушының телефонын алып, оны ақпараттық тақтаға шегемен қағып тастаған. Бұл оқиға жергілікті әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеодан көрініп тұрғандай, ер адам телефонын балға мен шеге арқылы тақтаға қадап, оқушыны ескертті. Жанында тұрған жасөспірім гаджетті қайтарып алуға тырысқанымен, әрекеті сәтсіз болды. Оқиғаны бақылап тұрған басқа оқушылар да болған.

Мамандар мұны сабақ кезінде гаджеттерді пайдалануға тыйым салу мақсатында жасалған “тәрбиелік шара” деп бағалауы мүмкін. Алайда көпшілік оқушының жеке мүлкін зақымдау әрекетін сынға алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, тәрбиелеудің рұқсат етілген шектері жөнінде қызу пікірталас тудырды. Әзірге өңірлік білім басқармасы мен тиісті ведомстволар ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар