Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Текетіресте тұрып, ерегістен ештеңе шеше алмаймыз… Алаңдауымыз керек…» - Ермұрат Бәпи

10:29, 04 ақпан 2026

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасын Парламенттің күн тәртібіне енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Депутат қоғамда, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүріп жатқан қызу талқылаулардан хабардар екенін жеткізіп, әріптестерін мәселені бірлесе қарауға шақырды. Өз сөзінде ол саяси ерегістен гөрі, ортақ мәмілеге келудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бастаманы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов дауысқа салып, отырысқа қатысқан 92 депутаттың 90-ы қолдау білдірді.

Ермұрат Бапи өз ұстанымын былай деп мәлімдеді:

«Қазақстан қоғамы қазір елде салауатты диалог жүргізуге дайын екенін көрсете білуі керек. Біз сол кезде ортақ мәміле таба аламыз. Екі жақта текетіресте тұрып, ерегіспен ештеңе шеше алмаймыз. Ұсынылып отырған Конституция жобасы ең бірінші кезекте, сыртқы тәуекелдерге дайындығымыз деп жалпы сипатта қарауымыз керек. Конституция деген мақала немесе публицистика емес. Бұл — бағдарлама емес, ол жерде бәрін тігісін жатқызып айта алмайсың. Жалпы мазмұннан біз рухты сезінуіміз керек. Қазіргі дүбірлеп тұрған әлемде Қазақстанның елдігі мен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін алаңдауымыз керек. Дүние жүзінің картасы бөлініп жатқан кезде біз кімге күш көрсететіндей әлдеміз? Біз маңайымыздағы 7 жарым мың шақырым шекараны жаба алмай жатырмыз. Ол жерде 14 застава әлі салынбай жатыр. 80 000 ғана әскеріміз бар. Осы жағдайда біз елдегі хал-жағдайды осындай бір азаматтық пайыммен өзгерістерді қабылдай алуымыз керек».

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар