Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тек бір жыл жұмыс істеп үлгерді»: Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштың анасы ұлы туралы айтты

10:47, 29 желтоқсан 2024 3190

Ақтау маңында болған әуе апаты салдарынан қаза тапқан ұшқыш Александр Калянинов бала кезінен ұшқыш болуды армандап, өмірін аспанмен байланыстыруды көздеген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Александр Украинаның Мемлекеттік Ұшу академиясында авиациялық көлік мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Қайғылы жағдайдан кейін Александрдың анасы журналистерге сұхбат беріп, ұлының өмірі мен арман-мақсаттары туралы айтты.

«Маған хабарлама жіберіп, рейске қойғанын айтты. Әрдайым қашан, қайда ұшатынын хабарлап отыратын. Ұшып келгенде де, қонғанын, үйге жеткенін жазатын. "Анам, уайымдамаңыз, бәрі жақсы" деп айтатын. Ол тек бір жыл жұмыс істеп үлгерді. Бірінші еңбек демалысына шығып, маған Францияға барғысы келетінін айтты. Демалыстан оралып, небәрі бір апта ғана жұмыс істеді», – деді ұшқыштың анасы.

Александрдың қысқа, бірақ жарқын өмірі оның мамандығына деген сүйіспеншілігі мен адалдығының жарқын үлгісі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар