Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Татарстандық имам әйелдерді "дұрыс ұрып-соғудың" жөн-жосығын айтып, таяқтау тәртібін түсіндірді

19:55, 17 шілде 2024 800

Татарстандық имам мұсылмандар қауымға әйелдерін қалай «ұрып-соғу» дұрыс болатынын түсіндірген. «Татар-информ» YouTube-арнасында жарияланған «Хазіретпен шай» подкастында Камаев әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Stan.kz ақпарат агенттігі имамның "насихаты" туралы жазды. Камаевтың айтуынша, әйелі дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастауы керек.

«Егер ол түсінбесе, бірге жататын төсекті бөліңіз. Әйел онда да түсінбей, дұрыс емес әрекетін жалғастырып, шектен шықса, ұруға болады”, – деді имам.

Имамның айтуынша, әйел, ең алдымен, дұрыс емес нәрсе істеп жатқанын түсінуі керек. Түсінбесе, мысалы, кішкентай таяқпен абайлап бірнеше рет ұруға болады екен.

«Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде», – дейді имам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар