Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Татарстанда қазақ тілі орталығы ашылды

17:02, 16 мамыр 2024 432

15 мамырда Қазан қаласында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми-білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институты жанындағы Абай орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

«Абай орталығы қазақ тілін оқыту және насихаттау, мәдени байланыстарды нығайту, халықтың бай және төл мәдениетімен, тарихы мен салт-дәстүрімен, заманауи жетістіктерімен және даму жоспарларымен танысу үшін құрылған» деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. 

Сондай-ақ орталық Қазақстан мен Татарстан студенттерінің өмірі мен жетістіктерін көрсететін ғылыми басылымдар мен оқу материалдарымен алмасады.

Орталықта мәдениет және ғылым саласында байқаулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар