Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Татарстан билігі оқушыларды қару жасайтын зауыттардағы жұмыста жекпекші

09:33, 17 сәуір 2024 615

Татарстан билігі жасөспірімдерді қорғаныс зауыттарында жұмыс істеуге тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Татарстан Үкіметі жастарды жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарлама дайындады.  Билік 14 жастан бастап жасөспірімдерді қорғаныс кешені кәсіпорындарында жұмысқа тартуды жоспарлап отыр.

Аталмыш бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтетіні айтылды. Биліктің өкілдері бағларларамың тиімді тұстары көп екендігіне әлеуметті сендіріп жатыр. Мәселен, олардың айтуынша, 14-18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған азаматтарды жұмысқа орналастыру реті жеңілдеп, "әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардан" шыққан жасөспірімдер "далада қалмайды".

Бағдарламада "қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында" "35 жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" туралы арнайы тармақ бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында "жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" туралы тармақ та көзге ілігеді.

Ресми статистикаға сәйкес, Татарстанда 14 пен 35 жас аралығында миллионнан астам жас бар. Өңірде жұмыс істейтін жастар саны жыл өткен сайын азайып келеді. Олар 2021 жылы 771 мың адамды болса, 2022 жылы 745 мың адамға дейін қысқарған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Татарстан Мемлекеттік Кеңесі Еңбек кодексіне түзетулер енгізуді ұсынып, жасөспірімдерге 16 жасынан бастап зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраған. Түзетулерді қарастыру кейінге қалдырылған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар