Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тасмағамбетовтің пікірі ұйымның ресми позициясы" - ОДКБ-ның баспасөз хатшысы

18:48, 06 наурыз 2025 857

ОДКБ-ның баспасөз хатшысы Наталья Харитонова ұйым төрағасының "Еуропа Украинаға әскер кіргізсе Ресейге көмек береміз" деген мәлімдемесін ежіктеп берді, деп жазады Alash.kz Әшкере канална сілтеме жасап. 

 
Харитонованың айтуынша, Украина аумағына Батыс контингентінің кіруі аймақтағы ахуалды ушықтырып, жаңа қатер тудырады.

Бұл жағдай ұйым құрамындағы кейбір мемлекеттерді кәдімгідей алаңдатып отыр.

"ОДКБ көмек сұраған елге қолдау көрсетудің бірнеше түрін ұсына алады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы да айтқан болатын. Алайда мұндай көмек ұйымға мүше мемлекет жәрдем сұраған жағдайда және ұйым шеңберіндегі ұжымдық шешім бойынша ғана іске асады", – деп нақтылады Харитонова.

Оның атап өткеніндей, Тасмағамбетовтің пікірі ұйымның өз жарғысы аясында әрекет етуге дайын екенін білдіретін ресми позиция.

Айта кетелік, бұған дейін Имекең Батыс елдеріне үн қатып, отпен ойнамауды ескерткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар