Талантты актер, әйгілі "Бауыржан шоу" театрының мүшесі, режиссер Алмат Сақатов жігіттер арасындағы бірқатар кереғар қасиеттерге сын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Qazaq airan арнасына сұхбат берген актер жала жабатындар мен ақша мен арзан атақ үшін бір-біріне әдейі тиісетіндердің көп екенін атап айтты:
Қазіргі кезде біздің бір жамандығымыз, өсекшілер мен жала жабушылар көбейіп кетті. Қазір рахат. Қалтамда ақшам жоқ болса, "маған тиісші, тиісші" деп тұрамын. "2 миллион, 3 миллион керек болып тұр еді" деп, саған тиіссем... Сен келіп, мені ұрасың. Содан кейін, сен ертең келіп, өзің әкеп бересің, сол ақшаны. Сондай заман болды ғой... Әйтпесе, еркек пен еркек төбелескеннен кейін, мұрның сынды, ернің жыртылды, көзің көгерді. Жарайды, қабырғаң сынған шығар... Өліп қалған жоқсың ғой...
Мысалы, мен бір жігітті білемін. Кезінде Иманғали Тасмағамбетовпен тойдан кейін быт-шыт болып, төбелескен. Өнер адамы еді. Кейін қатты дос болып кетті.