Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи рекорд: Екі дүркін Олимпиада чемпионы Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алтын алды

12:53, 19 қазан 2026

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен атышулы спортшымыз штанганы 190 келіге дейін көтеріп, жарыстың су жаңа рекордын орнатты. Осылайша ол Азия құрлығының ең үздік пара пауэрлифтері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, бұған дейін дүбірлі додада Еркін Ғаббасов пара оқ атудан алтын жүлдені иеленсе, Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен күміс медальды қоржынға салған болатын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар