Таразда топпен зорларған 12 жастағы қыздың ісі бойынша тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Істің сотқа жеткенін жәбір көрген қыздың анасы айтты. Адвокаттың айтуынша, іс Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Бұған дейін 12 жастағы қыздың анасы көрші тұратын бірнеше жасөспірімнің қызын топпен зорлап, онысын видеоға түсіргенін айтқан еді. Бұл туралы білгенде ол бірден полицияға шағым түсірген.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Арзымбетова сараптаманың қорытындысы шықпастан қылмыстық іс екі рет тоқтатылғанын айтты.