Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тараздағы мектеп оқушысының соққыға жығылуына қатысты тараған ақпаратқа байланысты туыстары түсініктеме берді

23:36, 13 наурыз 2026

Тараз қаласында мектеп оқушысының төбелестен кейін ауыр хәлде ауруханаға түскені туралы тараған ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырған еді деп хабарлайды Alash.kz . Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та №51 мектептің 9-сынып оқушысын жеті қыз кастетпен ұрып, ол жансақтау бөліміне түсті деген мәлімет тараған.

Алайда кейін жәбірленуші тараптың жақындары бұл деректердің бір бөлігі шындыққа сәйкес келмейтінін айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады. Олардың айтуынша, оқиға кезінде шынымен төбелес болған және оқушы ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол жансақтау бөліміне жатқызылмаған, сондай-ақ кастет қолданылғаны туралы ақпарат та расталмаған.

Жәбірленушінің туыстары әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, жалған мәліметтің тарауына байланысты түсініктеме берді.

«Мен, Бисембетова Гүлбаршын, 17-сі күні Тараз қаласындағы №51 мектепке балаларымды орналастырдым. Біз Тараз қаласының тұрғындарымыз», – деді ол видеоүндеуде.

Оның айтуынша, жағдайды эмоциямен айтып жібергендіктен кейбір ақпарат бұрмаланып, қоғамда шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап кеткен.

Айта кетейік, оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Ал мектептегі жанжалдың нақты себептері мен оған қатысқан оқушылардың әрекетіне құқықтық баға кейін белгілі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар