Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таразда соққыға жығылған қыз туралы тың ақпарат шықты

10:59, 13 наурыз 2026

Кеше 7 қыз жабылып ұрғаннан кейін 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын, деп жазады Alash.kz. 

Оқушының анасы баласын кастетпен ұрғанын айтқан.

Полицияның мәліметінше, қыздардың кастетті қолданғаны туралы ақпарат расталған жоқ. 

Ал қалалық әкімдік жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскенін жоққа шығарды.

"Жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат жалған. Ол балалар ауруханасына түсіп, 11 наурызда үйіне шығарылды", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар