Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таразда ем аламын деген ниетпен дәрігерге барған екі адам қатарынан қайтыс болды

09:50, 12 сәуір 2025 915

Таразда науқастанып қалған екі ер адам ем алу үшін жергілікті емшара бөлмесіне барған. Алайда екеуі де дәрігерлер салған атибионтиктен кейін анафилактикалық шоктан көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

БАҚ хабарлауынша, 29 жастағы Исламек Үсенов Қазақстан темір жолында жұмыс істеген. Тамағы жыбырлаған соң рейс алдында келіп, ем алмақ болған. Өзімен дәрігер жазып берген дәрісі болмаған. Сөйтіп емшара бөлмесіндегі мейіргерлер алдымен дәрі тамызғыш қойып, кейін ине салған. Содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлған.

Ұлының өліміне әкесі біліксіз мейіргерлерді кінәлап отыр. Айнутынша, олар сынама алмаған. Кейін тіпті олардың препарат тағайындап, оны егуге мүлдем құқығы жоғы анықталған. 

“Мұндай емшара бөлмелерін, мына да жабуды талап етемін. Тексеріс кезінде бұлардың лицензиясыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Ұлымның өлімі үшін олар жазалануы керек. Ал лоар әлі де жұмыс істеп, науқастарды қабылдап жатыр. Басқалар да осылай өліп кетуі мүмкі”, – дейді Темірхан Үсенов.

Алайда емшара бөлмесіндегілер болған жағдайға өздерінің еш қатысы жоғын айтады. Олардың сөзінше, мейіргерлер науқасты аман алып қалуға тырысқан, анафилактикалық шокқа қарсы дәрі берген. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл әрекет ете алмады дейді.

“Оның тірі кезінде, қимылдап жатқан видеосы бар. Реанимациялық бригада келуі керек еді. Жедел жәрдемнің қателігі, иә! Уақыт жоғалтты, келген қыздар ЭКГ-ның құралдарын шешіп жатты. ЭКГ не керек? Тұр да, оттегі бер, қолдан келгеннің бәрін істе! Біз қоңырау шалып, цефтриаксонға реакция болып жатқанын хабарладық. Басында-ақ біз оған цефтриаксон салуға қарсы болдық”, – дейді емшара бөлмесінің басшысы Адиля Ақылова.

Араға бес күн салып дәл осы емшара бөлмесінде 50 жастағы Ерлан Атабеков қайтыс болды. Әйелі екеуі сәл ауырыңқырап қалған соң дәрігер берген дәрілерді алып, ем алуға келген. Жамбасына сынама жасаған.

“Сот-медициналық сараптама күйеуімнің анафилаксиялық шоктан қайтыс болғанын дәлелдеді. Қазір мен жесірмін, екі кішкентай баламен қалдым. Біз екеуіміз бірге бардық, бірақ менің оның денесін алып қайттым. Қанша айдан бері ағаммен бірге жүгіріп жүрміз, бірақ әділдікке қол жеткізе алмай келеміз. Мен барлық кінәлі адамдардың жазаланғанын қалаймын”, – дейді жолдасынан айырылған Мөлдір Мекемтас.

Оның айтуынша, емшара бөлмесіндегі мейіргерлер анафилактикалық шок кезінде не істеу керегін білмеді. Жедел жәрдем келгенше ер адам қайтыс болған. Десе де келіншек емшара бөлмесінің жабылуы үшін бәрін істеді. 

Қазір қалада пандемия кезінде ашылған емшара бөлмелері түгел тексеріліп жатыр. Науқастардың нақты қай препараттан көз жұмғаны анықталмай жатыр. Екі адамның өліміне қатысты полиция "Адам өліміне абайсызда әкеп соққан заңсыз медициналық қызмет" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар