Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таразда денесі құрттап кеткен 78 жастағы әже 40-тан асқан маугли балаларымен табылды (ФОТО)

09:22, 04 шілде 2024 2196

Таразда адам шошырлық жағдайда 78 жастағы әжей табылды. Оның 40 жастан асқан екі ұлы бар. Үшеуі жылдар бойы жуынбай, жертөледе өмір сүрген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді.

Журналистің жазуынша, 78 жастағы кейуананың аяғы құрттап кеткен, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.

«Ал 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар