Кәсіпкер Талғат Белесов жолда қызметте тұрған полиция қызметкерінің қонақжайлығына ризашылық білдіріп, видео жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.
"Айша бибі ауылының тұрғындары боранда жолда қалған барлық жолаушыға үйлерін ашып, ыстық тамақ ұсынып жатыр. Серік есімді полиция қызметкері бізді жол үстінде тоқтатып, жол ашылғанша өз үйіне қонақ етті. Сонымен қатар, Тараз қаласының басқа да полиция қызметкерлері жолаушыларға қолдау көрсетіп жатыр", - деп жазды автор.
Шетел азаматтары да полиция қызметкерінің әрекетіне таңғалысын жасыра алмады.
"Біз қарлы боранда тұрып қалдық. Содан кейін біз осындай мейірімді полицейді кездестірдік. Ол бізді үйіне шақырды. Біз өте көп астан дәм таттық. Түнгі 2.00-ге дейін әңгіме айттық. Қандай тамаша отбасы! Қазақстандағы қонақжайлыққа ештеңе тең келмейді", - дейді шетелдік қонақтар.