Таразда жантүршігерлік оқиға болды. Желіде қаладағы сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhу-на сілтеп.
Жергілікті әлеуметтік парақшалардың бірінде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Тәртіп сақшылары сауда орталығынан екі мыңға жуық адамды эвакуациялады. Тексеруден кейін ақпараттың жалған екені белгілі болды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жамбыл облысы бойынша Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел әрекет етудің арнайы жасағын, жедел-тергеу тобын және кинологтарды тарта отырып, сауда орталығының ғимаратын тексеру шараларын дереу ұйымдастырды. Жамбыл облысының полиция департаменті алдағы лаңкестік акті туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады», - делінген хабарламада.