Балалар қауіпсіздігі бағытында жұмыс істеп жүрген Жаңа адамдар қозғалысының өкілдері Тараз қаласында кәмелетке толмаған қыздың атынан жүргізілген онлайн жазысуға байланысты ер адамды анықтағанын хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz
Қозғалыстың мәліметінше, «124» азаматтық бастамасы екі жылдан астам уақыт бойы интернеттегі балалар қауіпсіздігі мәселесімен айналысып келеді. Соңғы бір жылда барлық жұмыс құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда және заң аясында жүргізілуде. Жиналған барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданады.
Белсенділердің айтуынша, бұл жолы олар әлеуметтік желіде 12 жастағы қыздың атынан жалған аккаунт ашқан. Көп ұзамай ересек ер адам байланысқа шығып, жасөспірім екенін біле тұра әдепсіз сипаттағы ұсыныстар жасағаны, интимдік мазмұндағы материалдар жібергені және жеке кездесуге шақырғаны айтылды.
Кездесу белгіленген орында ер адамды белсенділер полиция қызметкерлерімен бірге күтіп алған. Азаматтың жеке басы анықталып, барлық жазбалар мен дәлелдер құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Қозғалыс өкілдері бұл жағдайға құқықтық бағаны тергеу органдары беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар оқиға орнында әрекет еткен полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысын ерекше атады.
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселесі қоғамда өзекті күйінде қалып отыр. Мұндай істер бойынша соңғы шешімді тергеу мен сот органдары қабылдайды.
Таразда «12 жастағы қызбен» жазысқан ер адам ұсталды
«Тосын сый болды… Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісті
20:00, 14 қазан 2026
«Бірқатар тапсырма берді»: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
18:30, 14 қазан 2026
«Жабылып ұрып, оқ жаудырған»: Полиция Алматы облысындағы оқиға туралы мәлімдеді
16:13, 14 қазан 2026
«Шекарадан өткізбейді»: 2027 жылдан бастап шетелдіктер үшін маңызды өзгеріс енеді
15:53, 14 қазан 2026
«Жаңа награда мен құрметті атақ»: Құрылтай депутаттары маңызды заң жобасын қабылдады
15:14, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы тағайындалды
15:02, 14 қазан 2026
«Мыңдаған азаматтың жеке деректері тарап кеткен»: Депутат қатаң талап қойды (ВИДЕО)
14:44, 14 қазан 2026