Тель-Авивтің орталығында болған шабуыл салдарынан төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ер адам танымал туристік аудандарда бірнеше адамға пышақпен шабуыл жасаған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр.
Шабуыл жасаушы оқиға орнында ұсталды. Полицияның мәліметінше, ер адам Марокко текті АҚШ азаматы болған.
Ол Израильге 18 қаңтарда туристік виза арқылы кірген. Билік бұл оқиғаны күдікті террорлық акт ретінде қарастыруда. Тергеу жүргізіліп жатыр.