Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Танысы пышақтап, өлтіріп кеткен”: Шымкентте 21 жастағы қыз өлі табылды

“Танысы пышақтап, өлтіріп кеткен”: Шымкентте 21 жастағы қыз өлі табылды

11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген Шымкент қалалық полиция департаменті таратқан ресми хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар