Танымал әнші Мақпал Жүнісова үнемі өзін таңырқатып, тіпті қазір қалыпты жағдайға айналған бір тылсым жағдай туралы айтып, елді таңғалдырды деп жазады Alash.kz порталы Democrat.kz-ке сілтеп.
Әншінің айтуынша, қайда жүрсе де, жанында үнемі бір қара шыбын ұшып жүреді екен.
"Қай жерге сапарға шықсам,сол жерге дәу қара шыбын ұшып келеді,шетелде де солай,қасымдағылар біледі,ал енді бүгін концерттің аяғына дейін қара шыбын айналшақтап аяғына дейін бірге болды", дейді Мақпал Жүнісова.
Жұрт бұл жағдайға қатысты "Шыбын жан деп жатады, сізді қолдап жүрген бір әулиенің рухы шығар. Алла жар болсын Қыдыр ата қолдасын", "сізді қорып жүрген аруақтың белгісі" деп пікір жазуда.